​Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы ата-аналарға үндеу жасады

24 қаңтар, 12:00

Үндеу басқармасының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған.

Құрметті ата-аналар! Соңғы айларда Қазақстанда қызылша дертіне шалдығу оқиғалары тіркелуде. Біз Сіздерді өз балаларыңызға абай болуға шақырамыз.

Қазіргі таңда қызылша секілді жұқпалы дерттерге байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Соңғы жылдары Европаның көптеген елдерінде қызылшамен ауыру жағдайдары көбеюде. Дүние жүзінің денсаулық сақтау қоры дерттің кең таралуын ауруға қарсы екпемен аз қамтылумен түсіндіреді. Бұл жағдай осы дерттің Қазақстан аумағына келіп, екпе жасалмаған тұрғындар арасында жиі таралу қаупін туғызады.
Қызылша қандай ауру және оның қаупі қандай?
Қызылша – аса жұқпалы дерт. Белгілері – дене қызуы 38-40° С-қа дейін көтеріледі, жаппай улану, көздің жасаурауы, мұрынның, кеңсіріктің, тыныс алу жолдарының қабынуы байқалады. Біртіндеп дене бөрте бастайды. Жаппай әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы байқалады.
Осы мерзімдерде адамның денесіне қызғылт немесе қызыл түсті дақтар шыға бастайды. Алғашқы күндері бөртулер құлақтың артына, бастың шаш өскен бөлігіне, бет пен мойын, кеуденің жоғарғы жағына шыға бастайды.
• Екінші күні бөрту денені және қолдың жоғарғы бөліктеріне шығады;
• Үшінші тәулікте бөртпе аяқтарда пайда болады, ал адамның беті қуарып кетеді.
Жұқтыру көзі – ауру адам. Вирус ауа-тамшы жолымен, түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде шығатын сілекей тамшыларымен тарайды. Вирус ауа ағынымен біраз жерге тарауы мүмкін. Адам дерт жұқтырған науқас болып кеткен ғимаратқа кіріп, тыныс алғанда жұқтырады. Егер адам қызылшамен ауырмаған және осы дертке қарсы екпе алмаған болса, онда науқас адаммен байланысқа түскен соң 100% жағдайда жұқтыруы мүмкін.
Науқас қоршаған адамдарға 7-10 күн ішінде қауіпті. Адамдардың табиғи қабылдауы өте жоғары, дертпен ауырған соң өмір бойы иммунитет пайда болады. Қайтадан жұқтыруы өте сирек кездеседі.
Қызылшамен ауырғанда ағзада күрделіліктер туындауы мүмкін. Олар – өкпені қабынуы (пневмония), құлақтың қабынуы (отит), кейде энцефалит (мидың қабынуы) та пайда болуы мүмкін.