Өзбекстанда сел тасқыны салдарынан екі бала қаза тапты

02 мамыр, 11:49

Өзбекстанның Жызақ облысында сел ағысы салдарынан екі жасөспірім көз жұмды. Бұл туралы жергілікті ІІБ баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомстваның мәліметіне қарағанда, 14 жастағы қыз бала мен оынң 9 жастағы інісі Жызақ облысының Заамин ауданында дүкеннен үйлеріне оралып жатқан. Осы уақытта Ширин кенті арқылы қатты сел орын алып, балалардыалып кетті.

Қыздың денесі өзен маңында табылды. Құтқарушылар баланы аудандық медициналық мекемеге есінен танған жағдайда жеткізді. Бірақ оны құтқару мүмкін болмады.
Естеріңізге сала кетейік, қатты жаңбыр мен дауылдан кейін 1 мамыр күні таңертең Сардоба су қоймасының бөгеті ішінара құлады.