Өзбекстандық ана жаңа туған сәбиін 600$ сатпақ болған

06 маусым, 13:02

Құқыққорғаушылар әйелді ақша алып жатқан жерінен құрықтады, деп хабарлайды ӨР қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

"2019 жылдың 4 маусымында Қашкадария облысының Касан ауданында 23 жасар М. З. 13 мамырда туған ұлын сату әрекеті кезінде қолға түсті. - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.