Бүгін танымал жарнама сайтының «Өскеменнің балалар әлемі және ойыншықтар» бөлімінде адамның құйрық бөлігі сатылымда пайда болды. Бірнеше жерінен көгерген, деп жазады Elitar.kz.
Сатушылардың айтуынша, дененің сатылымға қойылған бөлігі қолданылған, дегенмен, әлі де болса біразға пайдалануға болады.
- Негізі, бізде төрт нұсқа бар: екі еркек, бір әйел және бір ит, - деді сатушы Еlitar.kz тілшісіне.
- Кхм… Модель фотосессияға дайын ба?
- Ия, ол келіседі.
- Ал жасы 18-ден асқан ба?
- Ия, әрине. Өзімен сөйлескіңіз келе ме? Дәл жанымда тұр (сәл үзілістен соң телефон тұтқасын басқа адам алды – авт.)
- Ало. Саған кімді көрсету керек? (еркектің дауысы)
- Сонда, сіз ер азаматсыз ба?
- Мен... «көп қырлымын».
- Тек фотоға түсуге келісесіз бе әлде басқасына да дайынсыз ба?
- Мен бәріне келісемін. Бес мың теңге төлесеңіз болды.
- Мұның бәрін сізге не үшін керек?
- Біз ақшаға өте мұқтажбыз.
- Не мақсатта, егер құпия болмаса?
- Теріні қайта салу операциясына …
- Құйрыққа ма?
- Оған да …
Кейін анық болғаны, жас жігіттер әзілдемек болыпты.
P.S. ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге бұл оқиға туралы пікір білдірген жоқ. Енді жас жігіттер жауапқа тартыла ма немесе түсіндіру жұмыстары жүргізіле ме әзірге белгісіз.