​ШҚО соты тұрғынды күтпеген шешіммен жазалады

16 қараша, 10:27

Судьялар қарызын өтеуден жалтарып жүрген Ұлан ауданының тұрғынын жазалау үшін ең соңғы қадамға барған.

Сотқа жеке сот орындаушысы арызданып келіп, өз клиенттерінің біріне қарызы бар азаматтың борышын көптен бері төлемей жүргенін айтқан. Ол азамат қарызды өз еркімен өтеу туралы өтініштің барлығына құлақ аспаған. Өзі автокөлікпен жүреді.

Сот арызданушының барлық дәлелін ескеріп, борышкер қарызын өтегенше, оның жүргізуші куәлігінің жарамдылығын уақытша тоқтатып қойды.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.