100 және 200 еуродағы жаңа купюралар сейсенбі, 28 мамыр күні Еуроодақ елдерінде айналымға енгізіледі. Бұл туралы Еуропалық Орталық банкқа сілтеме жасай отырып ca-news хабарлады.
Жаңартылған
банкноттар бұрынғы түсті гамманы сақтап
қалды, бірақ олардың дизайны аздап
өзгерді. Сондай-ақ олардың ені 50 еуро
купюрасы сияқты көлемді сақтап
қалды.
Осының арқасында жаңа купюралар азаматтардың әмиянына оңай салынады, ал банкоматтар оларды тезірек өңдейді.