Жамбыл облысында үшінші адам коронавирус жұқтырды

27 наурыз, 09:21

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 27 наурыз сағат 07:50-дегі жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирустық инфекция жұқтырудың 7 оқиғасы тіркелді.

Қазіргі таңда Қазақстанда аталған індетті жұқтырғандар саны 120 адамға жетті. Олар:
Нұр-Сұлтан қаласында - 60,
Алматы қ. - 47,
Қарағанды қ. - 4,
Шымкент қ. - 2,
Ақмола облысы - 1,
Алматы облысы - 1,
Ақтөбе облысы - 1,
Солтүстік қазақстан облысы - 1,
Жамбыл облысы-3.

Жамбыл облысында коронавирусқа шалдыққан үшінші адам 1996 жылы дүниеге келген тұрғын. Ол Қырғызстаннан келген. Бойжеткен ауруханаға жатқызылды. Онымен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге жатқызылды. Қазіргі таңда олардан алынған сынама қорытындысы күтілуде.