Түркістан облысында орта жастағы тұрғын таныстарын жалақысы жақсы жұмысқа тұрғызып беремін деп алдап кеткен.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Тексеру барысында орта жастағы күдіктінің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Бұдан өзге ол дәл осындай алаяқтықпен тағы 3 тұрғынды алдап кеткен. Олардың әрқайсысынан 100 мың теңгеден алған. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.