29 тамыз, 14:24
Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Украинаның велосаяхатшысына қатысты тонау әрекетін жасаған 3 күдіктіні құрықтады.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Өз кезегінде, жәбірленуші Шымкент қаласының әкімдігіне, полиция департаментінің бастығына және Әл-Фараби ауданы КП-нің барлық жеке құрамына қылмысты ашқаны және ұрланған мүлікті қайтарғаны үшін алғысын білдірді.