Енді сатушыға жаңа телефонды қайтарып беруге болмайды

19 сәуір, 19:04

Сатып алғаннан кейін 14 күн ішінде тауарды айырбастау немесе қайтару ережелері ұялы телефондарға қолданылмайды. Мұндай түзетулер 2019 жылдың 2 сәуірінде "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның 30-бабына енгізілді.

Он төрт күнтізбелік күн ішінде заңмен қайтаруға немесе айырбастауға жатпайтын тауарлардың тізбесі бекітілді, ол - 6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары тармағымен толықтырылды.


Басқаша айтқанда олар - ұялы байланыс желілеріне қосуға болатын телефондар, планшеттер және өзге де құрылғылар.

Сондықтан енді мұндай гаджеттерді сатып алған кезде үлгіні, түстерді, функцияларды және т.б. таңдағанда мұқият болуға тура келеді.

Сонымен қатар, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның 15 бабы өзгеріссіз қалғанын атап өту қажет, ол бойынша егер сіз сапасыз телефон сатып алсаңыз, онда сатушы сіздің ақшаңызды қайтаруға немесе тауарды айырбастауға міндетті.