Қарағандыдағы трагедия: Батуттың иесі қайғылы оқиғаға бес күн қалғанда жұмыстан шығып кеткен

27 мамыр, 16:10

Бұл сәйкестік пе, жоқ алдын ала сезу қабілеті іске қосылды ма, белгісіз.

Төңкерілген батуттың иесі шын мәнінде Қарағанды өрт сөндіру бөлімдерінің бірінің бұрынғы басшысы болған.

ТЖД мәліметтері бойынша, ол 20 мамыр күні жұмыстан босау туралы өтініш жазған, яғни, қайғылы оқиғаға бес күн қалғанда.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға орталық саябақта 25 мамырда орын алды. Қатты желден ұшып кеткен батутта оқушы болған. Ол оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды.