Ресей Президенті Қазақстандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

27 желтоқсан, 14:53

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ресей Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.

"Ресей халқы ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарының қайғыларына ортақтасады. Қайғылы апаттан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді", – делінген жеделхатта.