13 ақпан, 13:34
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандардың қанша сыйақы алатыны туралы айтылды.
Агенттіктің әкімшілік-құқықтық департаментінің бас сарапшысы Ерік Бишібековтың айтуынша, жемқорлық қылмыстары бойынша пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК (2 651 000 теңге) аспайтын – сыйақы сомасы қылмыс санатына байланысты 30-дан 100 АЕК (79 530-дан 265 100 теңге) құрайды.
"Егер пара немесе келтірілген зиян сомасы, болмаса ұсынылған жеңілдіктер мен көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК – тен (2 651 000 теңге) асса - сыйақы сомасы көрсетілген соманың 10% - ын құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен (10 604 000 теңге) артық емес", - деп толықтырды ол.