"Достар, біз Шымкент-Тараз тас жолында қатты боранға тап болдық. Бұл бағытқа қарай шықпаңыздар және туыстарыңызды ескертіңіздер" деп жазды Facebook қолданушысы Нұрлан Қожамбердиев.
Желі қолданушысының жазбасын өзгеріссіз назарларыңызға ұсынамыз:
"Көліктер тоқтап тұр. Кейбір ауыр жүк көліктерін қозғап жіберетіндей қатты жел соғуда.
Біз, Аллаға шүкір, Момышұлы ауылына дейін аман жетіп қалдық және осындағы туыстарымыздың үйінде қалдық. Тұтастай бір шағын автобус әлі де сонда қалды. Бірнеше сағат болды, олар үшін қатты алаңдап отырмыз.
Полицейлер де, төтенше жағдай қызметіндегілер де ешнәрсе жасай алмайды. Оларды да түсінуге болады, мынандай суықта үсіп қалуы мүмкін. Бірақ, барынша кептелісті реттеуге тырысып жатыр.
Менің су жаңа көлігім бұзылып қалды. Екі рет қыздырдық, ешнәрсе көрінбейді. Терезелер түнеріп кетті. Көліктің жылытқыш пешінің күші жетпеді. Электр жүйесі ақауланды. Ал көлікте балалар мен кәрі адамдар болатын.
Кезінде екі апта осында пойызда қалып қойған Фурманов бұл бекетті "Бурное" деп тектен-тек атамаған екен.
ФОТО: Серік Мамбетовтің Facebook парақшасынан алынды