Қазан айының 19-20 күндері Түркістан қаласындағы Конгресс Холл кешенінде қазақ әндерінің халықаралық «Voice of Turan» байқауы өтеді.
Байқауға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Польша, Черногория, Беларусь, Молдова, Грузия, Сербия, Қарашай-Шеркес республикасы, Бурятия, Македония, Болгария мемлекеттерінен 18-35 жас аралығындағы эстрада әншілері (жалпы саны 15) қатысады. Қатысушылар бірінші кезеңде қазақ композиторларының әндерін, екінші кезеңде елімізге танымал эстрада әншілерімен бірге қазақ әндерін шырқайтын болады. Өтетін уақыты: 19-20 қазан, сағат 19:00-де. Байқауды ұйымдастырушылар - Түркістан облысы әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасы.