Мұндай номинацияны редакция Зыряннан келген зиянкеске беруге шешім қабылдады, деп жазады YK-news.kz. Зырян қаласында қаскүнем үш сейфті ұрлап кеткен, бірақ онда ақша болмай шықты.
Зырян қаласының тұрғыны қала кәсіпорындарының бірінің ғимаратына кіріп, үш сейфті ұрлап кетеді. Сейфтерді автомобильге тиеп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Ер адам сейфте ақша жоқ екенін түсінген кезде өте таң қалады. Жәбірленушіге келген шығын 45 мың теңгені құрады. Оның өзі үш сейфтің құны. Ер адамды ұстаған кезде, ол шығынды өтеп, тараптар татуласты.
ФОТО: vzglyad.az