Бұл туралы Elitar.kz тілшісіне Шымкент қаласының білім басқармасындағылар хабарлады.
Сенімді дереккөздерден белгілі болғандай, тәрбиешінің өзі бала күтіп жүр. Осы ретте ана болуға дайындалып жүрген әйелдің кішкентай балаларға қалайша дөрекілік көрсетуі мүмкін деген сауал туындайды. Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Шымкенттегі балабақшалардың бірінде орын алған жаға ұстатарлық жағдайдың видеосы тарап кеткен болатын. Онда тәрбиешінің балаларға өте дөрекі әрекет танытқанын байқауға болады.