26 қаңтарда Шымкент қалалық Онкологиялық орталығында, сондай-ақ Қазақстанның барлық онкологиялық ұйымдарында жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.
Дәрігерлер әйелдер үшін тегін кеңес береді. Сонымен қатар тұрғындар онкогинеколог мамандарының тексерісінен өте алады. Тексеру мен өзге де ақпараттарды 107 және 109 кабинеттерінен алуға болады.
Қосымша ақпаратты +7 7252 36-11-13 телефоны арқылы біле аласыз.