Жұмыстан кету туралы арыз жазғандар хатта қоғам тарапынан қысым болғанын көрсеткен, деп хабарлайды Elitar.kz.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іс сотқа жолданбай тұрып бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат таратқан. Демек бұл перинаталдық орталық дәрігерлерін қылмыскерлермен бір қатар қойғанмен бірдей деген сөз. Дәрігерлерге деген халық наразылығы одан сайын күшейді. Біз өз әріптестерімізді ақтап отырғанымыз жоқ, олардың кінәсін тиісті органдар дәлелдейтін болады. Бізді істің ақ-қарасы шешілмей жатып, халықтың бәрімізді қылмыскер деп танытып жатқаны қынжылтады. Мұндай жағдайда өз міндеттерімізді толыққанды атқару мүмкін емес, сондықтан да біз жұмыстан кетуге мәжбүр болып отырмыз", - делінген Президентке жазылған хатта.