Ата-аналардың айтуынша, олардың екі жасар қызы телефонды тазалауға арналған еріткішті ішіп қойған.
Кішкентай қыздың ата-анасы еріткіштің маркасын атай алмады. Олар 12 мамыр күні сағат үште дәрігерлердің көмегіне жүгінген.
Жедел
жәрдем бригадасы 7 минут ішінде шақыруға
келді. Балаға алғашқы көмек көрсетіліп,
ауруханаға жеткізілді.
Қазір қыз
қажетті ем алуда.