Қазақстанның білім министрлігі Шымкенттің Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде өтетін тексеру туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Elitar.kz.
"Тексеру комиссиясының құрамына Министрліктің Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің және "АDAL BILIM" жобалау кеңсесінің сарапшылары кірді. Тексерудің негізгі бағыттары: мемлекеттік стандарттың сақталу деңгейі, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды реттейтін заңнамалық талаптардың орындалу деңгейі, лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейі", - делінген БҒМ мәлімдемесінде.
Министрлікте
жоғары оқу орнын тексеру нәтижелері
бойынша барлық ақпаратты беруге уәде
берді.
Естеріңізге сала кетейік,
Шымкент полицейлері үшінші мегаполистің
жоғарғы оқу орындарының бірінде есірткі
притонын анықтады. Ол оқу орнының
спортзалында болған.