Білім саласының мамандары билікке осындай ұсыныс тастамақ
Қазақстанда педагогтар зейнеткерлікке өзге сала мамандарына қарағанда ертерек шығуды ойлайды. Тіпті бұл бойынша арнайы ұсыныс та әзірлеуді көздеп отыр, деп хабарлайды Elitar.kz.
Шымкентте Елбасы жолдауындағы педагогтардың статусын арттыру мәселесін талқылауға қатысты басқосу өтті. Жиында ұстаздардың жұмысына қолдау көрсету, оларды тікелей жұмысына қатысты емес істерді атқаруына мәжүррлеу және тағы да өзге проблемалар көтерілді. Мұнан соң жолдауды талқылауға арналған жиында педагогтардың зейнеткерлікке шығу жасын қысқарту туралы да сөз қозғалды.
«Әскерилердің зейнеткерлікке 45 жасында шығып, кейін өзге де жұмыспен айналысуына мүмкіндігі бар. Сол сияқты мұғалімдерді де 50-55 жасынан зейнетке шығару, жалақысы дұрыс деңгейде болуы және басқа да мәселелерді министрлікке ұсыныс ретінде жіберуді көздеп отырмыз»,-деді Түркістан облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Жанат Тәжиева.
Әзірге бұл ұсыныстың министрлікке қай уақытта жолданатыны белгісіз.