Қазақстандықтардың орташа атаулы жалақысы 312 011 теңгені құрады. Ал 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 24%-ды, нақты мәнде – 8,9%-ды құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІІ тоқсанда бағалау бойынша 196 728 теңгені құрады.
«2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім – құрылыс – 35,5%-ға, көлік пен қоймалау – 34,8%-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 28,3%-ға салаларында байқалады, баяу қарқын денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 12,1%-ға және көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 3,9%-ға байқалды» делінген Ұлттық статистика бюросы берген мәліметте.
«Орташа айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы статистикалық есебі негізінде есептеледі. Орташа мән қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салық пен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады. Медиана жалақысы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлгендегі қатардың тең ортасында тұрған және сол мөлшерді екіге бөлетін (одан көп және аз) жалақы мөлшері» – деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросы Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.