Валюта:
    • небольшой дождь 33°C

    Елордада ұшақта мас болып шу шығарған Ресей азаматы жауапқа тартылды

    21 шілде, 19:50

    Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайындағы желілік полиция қызметкерлері Ресей азаматын жауапқа тартты. Ведомства мәліметінше, 30 жастағы шет ел азаматы Мәскеу-Ресей бағытындағы ұшақ бортында шу шығарған. Оның ішімдік ішіп алғаны анықталған.

    «Полиция қызметкерлері оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас болып келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш (15 315 тг) мөлшерінде айыппұл салынды» делінген көлік полициясы таратқан ақпаратта.