Елжан Біртанов Зайсандағы жағдайға қатысты пікір білдірді

20 ақпан, 16:43

Денсаулық сақтау министрі Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Сарытерек және Айнабұлақ ауылдарының тұрғындары жиналып, осы елдімекендерде ҚХР тұрғындары үшін карантин ұйымдастырылатыны туралы жаңалыққа нарызылық танытты. Министрдің айтуынша, тұрғындар шындыққа жанаспайтын ақпарат алған.

Еліміздің бас дәрігері Қазақстан аумағында Қытай азаматтарын карантинге орналастыру жоспарланбағанын хабарлады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан-Қытай шекарасы жолаушылар тасымалы үшін жабық. Елжан Біртановтың айтуынша, екі жақты шекара маңындағы саудамен айналысатын жүк көліктерінің жүргізушілері ҚХР–ға тауар алып келуге кетіп, сол жерде қалып қойған қазақстандықтарды оқшаулау туралы сөз болып отыр. Бұл адамдар енді отанына оралғысы келеді.

"524 адам карантиннен өтті. Бүгін түнде Уханьда оқитын Қазақстан студенті келді. Ол Алматы қаласында карантинге жабылды. Яғни, бұл тетіктердің барлығы пысықталды, олар азаматтар мен медицина қызметкерлері үшін қауіпсіз. Шекара мен халықаралық әуежайлар бар аймақтарда да қосымша обсервациялық стационарлар іске қосылды", - деп түсіндірді Біртанов.