ҰБТ-ны енді жылына төрт рет тапсыруға болады

21 қараша, 18:00

2019 жылы өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу туралы өтінім беру ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

"ҰБТ өткізу форматы өзгеріссіз қалады. Есесіне, түлектерге түрлі жеңілдіктер қарастырылып отыр. Келер жылдан бастап ақылы оқу орнына түсушілер үшін ҰБТ жылына төрт рет (қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз) тапсыруға мүмкіндік берілмек",-деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Атап өтерлігі, мемлекеттік гранттан үміттілер маусым мен шілде айында өтетін сынақта бағын сынаулары қажет. Вице-министрдің айтуынша, 2019 жылдың 15-20 қаңтарында өтетін ҰБТ-ға өтінім қабылдау ағымдағы жылдың 1-15 желтоқсаны аралығында жүргізілмек.