Ақтауда ер кісі кішкентай қызды көліктен итеріп жіберді

19 сәуір, 10:30

Ақтауда бір ер адам автокөліктен қызды шалшық суға қарай итеріп жібергені туралы оқиға видеокамераға түсіп қалған. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады.

Қаланың 17 шағынауданында куәгер мектеп оқушысымен болған оқыс оқиғаны телефон камерасына түсіріп алған. Балаға қатысты мұндай қатыгездік жұрттың жағасын ұстатты.

Мамандардың айтуынша, ер адам қызды лас суға итеріп жіберген. Ол құлаған соң орнынан өзі тұрған. Содан кейін оқушы ол жерден кеткен.

Полиция қызметкерлері бейнедегі азаматтың кім екенін анықтады. Ол баланың туған ағасы болып шықты. Тәртіп сақшылары онымен әңгіме жүргізді.