Алматы әуежайының президенті ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

27 желтоқсан, 13:55

Алматы әуежайындағы ұшу-қону жолағының жай-күйі туралы Болат Ержанов баспасөз конференциясы барысында айтып берді. Оның айтуынша, ұшу-қон жолағы қалыпты болған.

"Бұл жағдайдың алдын үш минут бұрын (борт – ред) "Эйр Астана" әуекомпаниясының Мәскеуге қарай рейсі ұшты",-деді ол.

Әуежай басшысының айтуынша, «Bek Air әуе компаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы №2100 рейсін орындаған Foker-100 ұшағында әуе кемесінің командирі, екінші ұшқыш Молдағұлов, 3 борт-серік, барлығы 5 экипаж мүшесі болған. Бортта 93 жолаушы отырған. Оның ішінде 85 ересек адам, 5 үлкен бала, 3 кішкентай бала. Рейске тіркеу 5:35-те басталған. Ұшақ 7:21-де әуеге көтерілген. 7:25-те қауіп дабылы қағылып, 7:40-та ұшақ радардан жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына бірінші әуежай қызметкерлері жеткен.