Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне келіспеген Атырау облысы әкімінің экс-бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев аппеляцияға шағымданбақ

20 мамыр, 15:58

Бұл туралы оның адвокаты Нұрлан Жолболов хабарлады.

Бұл – соттың бағалауы. Оған өзінің толықтай құқы бар. Бірақ қорғаушы тарап мүлдем басқа пікірде. Бұл - әзірге бірінші инстанция. Егер келесі инстанциялар объективті түрде болса, үкім мүлдем басқаша болады деп ойлаймын. Біз міндетті түрде аппеляциялық шағым түсіреміз,- деді адвокат Нұрлан Жолболов.