Қырғызстандық жасөспірім әкесі ұрғаны үшін Қазақстанға қашып кетті

03 мамыр, 12:30

Жамбыл облысында "Гродеково" заставасының учаскесінде шекарадан өтуге тырысқан жігіт ұсталды. Жас жігіт шекараны заңсыз кесіп өтпек болған, бірақ оны Қазақстан шекарашылары ұстады.

Жігіттің құжаттары жоқ. Түрі шамамен 17 жаста. Бұл туралы ҚР шекара қызметінің бапсасөз қызметі хабарлады. Жас жігіт Қырғызстанның азаматы екені белгілі болды. Жасөспірім өз іс-әрекетінің себебін шекарашыларға айтып берген. Ол әкесі ұрғаны үшін үйден қашып кеткен.