Сотта анықталғандай, өткен жылдың 14 қазанында әйел өз пәтерінде өзінің тоғыз жасар ұлының аяғы мен қолдарын батареяға байлап, содан кейін оны тұншықтырған. Бала №7 орта мектептің үшінші сыныбында оқыды.
"Сот-психиатриялық
және стационарлық кешенді
сот-психологиялық-психиатриялық
сараптама нәтижелері бойынша қылмыс
кезінде күдікті ұзақ психикалық бұзылумен
немесе аурумен байланысты бас ауыру
салдарынан депрессиялық жағдайында
болған»-, деп хабарлады Маңғыстау
облыстық сотының баспасөз хатшысы
Сондай-ақ,
Гаухар Нұрханованың айтуынша, сот
қаулысымен сотталушы есі дұрыс емес
күйде қылмыс жасауына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босатылған.
Әйел күштеп емдеу психиатриялық
стационарға қарқынды бақылауға
жіберілді. Қаулы әлі заңды күшіне
енбеген.