Әйелімен ұрысып қалған еркек өз үйіне ұрлыққа түскен

09 тамыз, 16:01

Түркістан облысы, Сайрам ауданында күйеуімен жанжалдасып қалған келіншек полицейлерге шағым түсірген. Ол өз арызында төркінінде жүрген уақытта үйіндегі «Филипс» маркалы теледидар мен бұрғылау құрылғысы қолды болғанын көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі - 270 000 теңге.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Полиция қызметкерлері хабар алған бойда ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ер адам анықталды. Ол арыз жазған келіншектің азаматтық некедегі күйеуі. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.
Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші өзара келісімге келе алмай, жанжалдасып қалған екен. Сол кезде келіншек өзінің туыстарының үйіне кетіп қалған. Арада 2-3 күн өткен соң үйіне қайтып келгенінде азаматтық некедегі күйеуі үйіндегі заттарды ұрлап, белгісіз жаққа қашып кеткен.