Бүгінде Абай ауданы Қызылжар тұрғын алабы, 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Алапта 684 отбасы қоныстанған. Халық саны 4419 адамды құрайды.
Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
Электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Тұрғын алапта жалпы саны 19 көше бар, оның 7-еуі асфальт, 12-сі тас жол. Соның ішінде, 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес шағал тас төселді: Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гаражный, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3.
Жарықтанырылған көшелер саны - 3. Биыл тұрғын алапта, Ленин және Жастар көшелерінің құрылыс жұмыстары атқарылды.
Сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына іске қосу жоспарланған.
"Жақын маңда Орталық Азияның ең ірі нарықтарының бірі-Ташкент агломерациясы орналасқан. Сондықтан Шымкент барлық жағынан бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Осыны ескере отырып, келесі жылдың ортасына дейін Қаланың бас жоспарын қайта қарауды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
"Ең бастысы, тұрғын үй бағасы халық үшін қолжетімді болуы керек", – деді Мемлекет басшысы.
"Соңғы уақытта қалаға 41 елді мекен қосылды, сондықтан инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыру қажеттілігі туындады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен төрт жыл ішінде 135 млрд теңге бөлінді", - деді ел Президенті.