Қызын ҰҚК-ға жұмысқа тұрғызбақ болған түркістандық әйел 4 млн теңгесінен айырылды

17 тамыз, 11:39

Түркістан қаласында жергілікті тұрғынды танысы екі жылдан бері алдап келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы қызын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызып беремін деп 4 000 000 теңге алып, алдап кеткен. Арада 2 жыл уақыт өтсе де уәде етілген жұмысты, не өз ақшасын ала алмаған әйел алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға арыз жазған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде күдікті деп танылған жергілікті тұрғын анықталды. Орта жастағы ер адамның жәбірленушіні алдап, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.