Жарықты қайта қосу үшін 6730 теңге төлеу қажет болады.
"2020 жылдың 24 ақпанында электр энергиясын берудің жаңа үлгі шарты мен жаңа ережелер күшіне енді. Бұл дегеніміз - егер электр энергиясы үшін небәрі 1 теңге қарызыңыз болса, мамандар сіздің электр энергияңыздың желісін қиып кетеді деген сөз. Әрине, бұған дейін олар сізді 30 күн бұрын ескертетін болады, яғни, смс хабарлама немесе факс және т.б ескерту жібереді.
"Қазақстан тұтынушылар лигасы" қауымдастығының мәліметінше, бұрын энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыны өшіру туралы хабарламамен танысқаны туралы жазбаша растауды алуы тиіс болатын. Енді жаңа ережеге сәйкес хабарлама жіберілгенін тіркеу ғана қажет. Сондай-ақ, сөндірілген жағдайда қайта қосылу құны пәтерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 6 730 теңге, жеке үйде тұратын жеке тұлғаларға 10 115 теңге, ал заңды тұлғаларға – 11 606 теңге. Электр энергиясын қайта қосу 2 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.