Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы біздің Elitar.kz порталына Александра Песецкаяның жағдайы туралы айтып берді.
Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қазір жас әйел Орынбаев атындағы медициналық клиникада неврология бойынша оңалту емін алып жатыр.
Ем
жүргізу түзетілді, витаминотерапия
және иммунитетті арттыратын препараттар,
нейромодуляторлар тағайындалды.
Пациенттің жағдайы жақсарып келеді, өз
бетімен отырып, қол-аяғын қозғалта
бастады, тәбеті жақсы, салмақ
қосуда.
Естеріңізге сала кетейік,
21 мамыр күні 22 жасар Александра Песецкая
төрт ай бойы аурудан айыға алмағанын
айтқан болатын. Жедел жәрдем дәрігерлері,
содан кейін емхана қыздан аппендицитті
анықтай алмады. Операциялық үстелге
Саша өте ауыр халде жеткізіліп, әупіріммен
аман қалды.
Денсаулық сақтау
басқармасы қызметтік тексеру жүргізді.
№5 қалалық емхана, жедел жәрдем станциясы,
№1 Қалалық клиникалық аурухана
қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданылды
(16 медицина қызметкері, оның 2-еуі жұмыстан
шығарылды).
Сонымен қатар, қоғамдық
денсаулық сақтау департаменті қызметтік
тексеру жүргізеді.