Ал тыныс алу жолдарымен ауырғандар саны төмендеген, деп хабарлайды energyprom.kz-ға сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бір қорап темекінің құны 436 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4% - ға артық (былтыр 1 қораптың құны 391 тг құраған).
Еске сала кетейік, шылым шегу адамның денсаулығына, әсіресе тыныс алу органдарына үлкен зиян келтіреді. Қазақстанда тыныс алу органдарының ауруларымен сырқаттану 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда 23,9 мың адамды құрады (бір жыл бұрын-24,8 мың адам болған). Бес жыл бұрын тыныс алу мүшелерінің ауруы 2018 жылға қарағанда 6%-ға төмен болды.
Тыныс алу органдары ауруларынан болған өлім-жітім 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда 87,1 адамды құрады (бір жыл бұрын-92,2 адамды құраған).
Тыныс алу органдарының ауруларымен сырқаттанудың 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін төмендегені, ал 2016 жылы аурушаңдықтың едәуір артқаны байқалады (12,2%).