Семейлік студент әзілдеймін деп істі болды

22 қараша, 18:20

Үшінші курс студенті Whatsapp арқылы балконының түбіндегі қоқыстан нәрестенің мәйіті табылғаны туралы ақпарат таратқан, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Қысқа мерзім ішінде хабарлама тек Семей қаласы ғана емес, бүкіл Шығыс Қазақстанға тарап кеткен. Тәртіп сақшылары ақпаратты таратушыны тек бір апта өткеннен кейін ғана анықтады.

Семей қалалық ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 20 жасар қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабы 1-бөлімі бойынша айып тағылды. Тергеу амалдары басталды.