Парктегі аттракциондардың қауіпсіздігін бақылауға тиісті жауапты тұлғаларды Қарағанды әкімі жазаға тартты.
Желдің екпініне шыдас бермеген батут ұшып кетіп, салдарынан адам өлімі орын алды.12 жастағы бала қаза тауып, тағы үш бала зардап шекті, ал қала әкімі саябақтар басқармасының директоры Рустам Қодебаевты қызметінен алды. Сондай-ақ, шаһар әкімі коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мен оның орынбасарына қатаң сөгіс жариялады.
"21 мамырда
бұл мәселе бойынша кеңес өткізілді.
Кеңесте аттракциондарда балалардың
қауіпсіздігіне баса назар аударылды.
Мен уәкілетті органдарға, соның ішінде
коммуналдық қызметтер мен жергілікті
полиция қызметіне заңсыз орнатылған
батуттарды орталық саябақта да, біздің
скверлерде де алып тастауға тапсырма
бергенмін. Бұл орындалған жоқ", - деді
әкім.
Директор міндетін басқарманың бас инженері Талғат Смайылов
уақытша атқарады.