Шымкентте уланғандар дәрігерлерден көмек алуды жалғастыруда

18 наурыз, 21:01

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, басында 36 оқушыға көмек көрсетілген. Алғашқы көмек көрсетілген соң 24 бала үйлеріне қайтарылды.

"Дегенмен, ауруханаға белгісіз затпен улану белгілері бар жәбірленушілер әлі де жеткізуде. Олардың барлығына алғашқы көмек көрсетіледі", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Біз оқиғаның жай-жапсарын бақылауда ұстаймыз.