Сайлау тақырыбында сауалнама жүргізгендерге айыппұл салынатын болады

08 мамыр, 13:00

Жеке тұлғаның сұрау жүргізу құқығы жоқ. Кейбір БАҚ-тардың сауалнамалар жүргізгені анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдағы ҚР Президенті сайлауына байланысты қоғамдық пікірге сұрау салуды Орталық сайлау комиссиясына өз жұмысы туралы алдын ала хабарлаған, кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана жүргізе алады. Қалғандары сауалнамалар жүргізңп, заңнаманы бұзушып отыр. Бұл туралы 8 мамырда ОСК отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев мәлім етті.

"Сауалнама жүргізу құқығына тек заңды тұлғалар ғана ие, жеке тұлғалар мұндай құқыққа ие емес. Жеке БАҚ-та жеке тұлғалар осындай сауалнамалар жүргізеді. Оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады", - деді Дембаев. Мәселен бір меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс қазіргі уақытта қаралып жатыр.

Ол сондай-ақ сайлау күні дауыс беруге арналған мекемеде қоғамдық пікірге сұрау жүргізуге заңмен тыйым салынатынын атап өтті. Осы талаптар бұзылса, ӘҚБтК - нің 120-бабы, қоғамдық пікірге сұрау салу жүргізу шарттарын бұзу бойынша жауапкершілікке тартылады.

"Сондықтан Бас прокуратура барлық жеке және заңды тұлғаларды, БАҚ - ты сайлау процесінің бұзылуына жол бермеуге, соның ішінде сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы заңды мүлтіксіз сақтауға шақырады", - деп қорытындылады Дембаев.

Ережелер бойынша сауалнама жүргізетін тұлғалар интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді нәтижелерді тыйым салынған кезеңде жариялау үшін пайдаланбауы тиіс.