Заңды бұзған азаматтар Шардарадан балық аулап, оңай олжа таппақ болыпты. Дегенмен, өздері тәртіп сақшыларының құрығына ілікті. Тоннадан астам балық тиелген ГАЗель жүк көлігі оларды ұстап берді, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары өткізген рейд болмағанда мұнша балықтың барлығы Шымкенттің базарларынан табылар ма еді, кім білсін. Арнайы тексеру іс-шарасын Түркістан облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы, Шардара АІІБ мен аудандық прокуратура қызметкерлері бірге өткізді.