Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінді. Бұл туралы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия тараптары Ассамблеясының 8-ші отырысы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов хабарлады.
Бұл іс-әрекетке қатысты 190-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша қызмет бабын пайдалана отырып аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.