Шымкент әкімінің орынбасары қала тұрғындарынан кешірім сұрады

03 сәуір, 20:32

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған постында Данат Жұмин өз сөзін кешірім сұраудан бастады, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі

"Мен кешіккеніміз үшін кешірім сұраймын. Осыдан бір айдан аса уақыт бұрын Шымкентте "Мен кәсіпкер боламын"жастар және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша арнайы жоспар қабылданғанын жарияладық. Жоспарда бірқатар қолдау құралдары, оның ішінде жеңілдік кредиттерін 1% - бен ұсыну көзделген болатын.

Біз шарттарды 1 сәуірге дейін жариялауға уәде бердік. Өкінішке орай, техникалық себептер бойынша біраз кідіріс болды. Шарттарды бүгін жариялаймын (төменде сілтемелермен танысуға болады).

Сондай-ақ, 15 Сәуірде "Қайнар" Бизнес-орталығындағы бірінші қабатта орналасқан бизнес үшін супер маркет ашу жоспарланған. Онда кәсіпкерлер бизнесті қолдаудың барлық құралдары туралы толық ақпарат ала алады.

Біздің жоспарымызға қатысты айтар болсам, жоспарлаған ең қажетті құралдардың басым бөлігі бойынша қолдау алуға өтінімдерді осы айда беруге болады.

Бірақ кейбір құралдармен біз әлі де жұмыс істейміз. Атап айтқанда, шағын фермаларды ұйымдастыру үшін 1 га дейін жер телімін ұсыну жайы. Біз жерді анықтадық. Бірақ онда қажетті инфрақұрылым жоқ. Оны жүргізу керек. Бұл уақыт алады. Біздің болжамымызша, фермаға лайық жерді келесі жылдан бастап бере аламыз. Сондай-ақ бізде франшизді қаржыландыруда қиындықтар туындады. Заңнама әзірге бізге мұндай мүмкіндік бермейді, бірақ біз шешу жолдарын іздеудеміз.

Бірақ жақсы жаңалық та бар. Бастапқыда біз жеңілдікті кредиттерге шамамен 200 млн. бөлеміз деп жоспарладық. Енді 600 болады. Жоспар мен оның тетіктерін әзірлеуге белсенді қатысқаны үшін"Даму" қоры, "Атамекен" ҰКП және "Shymkent" ӘКК алғыс айтамын.