Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Т. Тлеуовке және "Лайн Групп" пен "Ақжайық Энерго" ЖШС директоры Б.Абдиевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Т.Тлеуов Алматы ауданын жарықтандыруға қызмет көрсету бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін Б.Абдиевтен 5 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктенді. Ағымдағы жылдың 17 қазанында №2 Есіл аудандық сотының үкімімен Т.Тлеуов кінәлі деп танылып 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Осы үкіммен Б.Абдиев пара бергені үшін сотталды. Оған 71 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.