Маңғыстауда еңбек департаменті басшысының орынбасары жүйелі түрде пара алып келген деген күдікке ілінді

07 ақпан, 09:53

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ведомство мәліметінше, ол азаматтардан мүгедектікті беруді заңсыз жеделдеткені үшін жүйелі түрде пара алып келген деп күдіктелуде. Күдікті кінәсін мойындап, қорғаушымен бірге келу туралы жазбаша міндеттеме алғаны үшін қамалған жоқ.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.