Ұзатылған қызды кілемге орап көтергендер елдің жағасын ұстатты (ВИДЕО)

08 қаңтар, 11:05

Әлеуметтік желіде тойлардың бірінде түсірілген ерекше көріністің видеосы пайда болды.

Той төрінде өнер көрсетіп тұрған әншінің әнінен бұл қызды ұзату рәсімі екенін байқауға болады. Видеодан қазақтың ұлттық киімін киген бойжеткен мен екі жанында екі әйел азаматы кілем ішіне отырып, оларды өзге әйелдер көтеріп сыртқа алып шығып бара жатқанын көруге болады. Желіде әп-сәтте таралып кеткен видео елдің қызу талқысына түсті. Көбі мұндай салтты алғаш рет көріп отырғандарын айтып, таң қалысты. Тіпті бірі ітірі адамды кілемге орау дұрыс емес" деп үзілді-кесілді қарсылық танытты.

Желді қолданушыларының болжауынша, бұл той еліміздің батыс жағында орын алған болуы мүмкін.


ВИДЕО: желіден алынды