​"Апаның" ерекше биі қала тұрғындарының көңілін көтерді

13 ақпан, 16:27

Әлеуметтік желіде ерекше видео пайда болды. Кадрда арқасын әрең жазған қария кісі Арбатта кетіп бара жатыр. Кенет әйел брейк билеп, мұндайды күтпеген тұрғындарды таң-тамаша қалдырды. Арада бірнеше минут өткенде барып мұқият қарағандар "апаның" жас жігіт екенін байқады. Шымкенттік пранкерлер осылайша қалалықтардың көңілін көтеріп, жасырын камерамен қызықты видео түсірді, деп жазады Elitar.kz тілшісі.

Қызықты би әзілін түсірудің басы-қасында жүргендердің бірі - Ула. Жас жігіт қаладағы түрлі іс-шараларды жүргізіп қана қоймай, қызықты видеолар да түсіреді. Көпшілікке әзіл ұнаған секілді. Биге ешкім қосылмағанымен, көпшілікке күлкі сыйлағанын айта кету керек.