Шымкент тұрғынын қойшы жігіт сан соқтырып кеткен. Жәбірленуші Түркістан облысы Ордабасы аудандық полиция бөліміне арызданған. Оның айтуынша, қарамағында жұмыс істейтін шопан құны 1 миллион теңге болатын 5 бас асыл тұқымды қошқарын рұқсатсыз сатып, өзі қашып кеткен. Бұл жайында жәбірленушіге танысы хабарласып, қойлары қараусыз жүргенін жеткізгенде бір-ақ біліпті.
«Қойшы полиция бөліміне жеткізіліп, орын алған жайттың ақ-қарасын ажырату мақсатында жауап алынды. Күдікті Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. 1 жылдан бері жәбірленушінің қойларын бағып жүрген. Алайда осы жолы тұрғынның 5 бас қошқарын таныстарына сатып, қалған малды қараусыз қалдырып кеткен. Ал өзі бой тасалаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.