Жетісай ауданында егде жастағы тұрғын танысына сенемін деп алаяқтың құрбаны болды. Бар жиған-тергенінен айырылған ол полицейлерден көмек сұраған. Жәбірленші өз арызында танысы сеніміне әбден кіріп, зейнеткерлікке шығарып беруге уәде еткенін көрсеткен. Ол үшін 1 миллион 637 мың теңгесін алып, сол күйі хабарсыз кеткен. Арада жарты жылдан астам уақыт өткен соң ер кісі полицияға шағым түсіруге бел буыпты.